2020 жылы біздің компания "Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В." қажеттіліктері үшін екі тұрақты ток жүйесін жеткізу бойынша жобаны сәтті іске асырды. Жобаны орындау кезінде біздің мамандар өндірушімен бірлесіп жобалау, қажетті құжаттама пакетін әзірлеу, ал дайындалғаннан кейін Тапсырыс берушінің қатысуымен зауыттық тестілеу, сондай-ақ орнату объектілерінде қайта сынап, пайдалануға беру бойынша үлкен жұмыс жасады.
Пайдалану барысында біздің компания жеткізген жабдық жоғары сенімділік, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың қарапайымдылығы сияқты көрсеткіштер көрсетті. Тапсырыс беруші біз жеткізген жабдықтың сапасына және бір жарым жылдан астам пайдаланудың нәтижелеріне толық қанағаттанды.
2022 жылы "Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В." өзінің өнеркәсіптік нысандарындағы ескірген жабдықты ауыстыру жұмыстарын жалғастырды. Біздің компания 11 тұрақты ток жүйесін жеткізуге арналған тендерге қатысты және тендер нәтижелері бойынша жеңімпаз деп жарияланды.
Бұрын орнатылған жабдықты пайдалану тәжірибесі негізінде, қызмет көрсетудің қарапайымдылығы, сондай-ақ тұрақты ток жүйесіне қосымша жүктемені қосу мүмкіндігі үшін тапсырыс беруші техникалық тапсырмаға кейбір түзетулер енгізді. Біздің мамандар өндірушімен бірлесе отырып, тапсырмада көрсетілген түзетулерді мұқият зерделеді. Тапсырманы зерделеу нәтижелері бойынша қайта жобалау туралы шешім қабылданды, себебі барлық өзгерістер конструкторлық құжаттама пакетінде көрсетілуі, жіне де Тапсырыс берушімен келісілуі керек.
Барлық он бір жүйенің өндірісі аяқталғаннан кейін біздің әріптестеріміз Тапсырыс беруші мен өндірушінің өкілдерімен бірлесіп, зауыттық сынақтар мен әрбір тұрақты ток жүйесінің қорытынды инспекциясын сәтті өткізді. Жабдықтың Тапсырыс берушінің барлық техникалық талаптарына сәйкестігін сынау барысында комиссия оң қорытынды шығарды, бұны инспекция хаттамасы куәландырады.
Әлемдегі ауыр геосаяси жағдайға, радиэлектрондық компоненттердің жалғасып келе жатқан жетіспеушілігіне, ЕО және РФ арасындағы санкцияларға және соған байланысты логистикалық күйзеліске қарамастан, біздің компания беделді Тапсырыс берушіге барлық он бір жүйені жеткізді.
Қорғаныс жерге тұйықтауды сынау
Оқшаулауға төзімділікті сынау
Температура датчиктерін сынау және температураға байланысты атқарушы механизмдердің жұмысын тексеру
Шамдардың жарамдылығын сынау
Құрастырудан кейінгі тұрақты ток жүйелерін сынау үшін электронды жүктеме блогы
Жабдықты орау
Жабдықты Тапсырыс берушінің қоймасына түсіру