2024 жылғы 13 және 14 мамырда «МЭК-Астана» ЖШС бас кеңсесіне Enedo Oy компаниясының өңірлік менеджері Александр Грабовский жұмыс сапарымен келді.
Enedo Oy компаниясы – біз 2016 жылдан бастап электр жабдықтарын жеткізу, енгізу, қызмет көрсету және 2022 жылдан бастап электрмен жабдықтау жүйелерін лицензиялық құрастыру бойынша табысты ынтымақтасып келе жатқан финдік электрмен жабдықтау жүйелерін өндіруші. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 250-ден астам Enedo жүйесін орнаттық.
Бірнеше бірлескен тұсаукесерлерде Александр МЭК-Астананың қазіргі және әлеуетті тапсырыс берушілеріне Enedo тарихы, модельдік қатары, өзгерістері мен жаңалықтары туралы айтып берді.
Темір жол көлігі, телекоммуникация, энергетика және мұнай-газ секторы сияқты негізгі салалар бойынша Enedo халықаралық тәжірибесі мен Қазақстандағы МЭК-Астана тәжірибесінен көптеген жобалардың мысалдары келтірілді
Грабовский мырза өз баяндамаларында «МЭК-Астана» ЖШС инженерлік персоналының біліктілігінің жоғары екендігін, олардың Enedo электрмен жабдықтау жүйелерін жобалауда, орнатуда, баптауда және пайдалануда мол тәжірибелерінің бар екенін, «МЭК-Астана» ЖШС өз зертханасында Enedo жабдықтарын ұстайтынын және онда қосалқы бөлшектер қоймасының бар екенін атап өтті.
Enedo-ның көпжылдық серіктестері ретінде біз Сіздерге Enedo жабдықтары шеше алатын мәселелер туралы айтуға, техникалық шешімдерді таңдап беруге, жеткізіп беруге, орнатып және оны теңшеп беруге дайынбыз.
- Түсініктемелер