2022 жылдың қаңтардан бастап желтоқсанға дейінгі айлар аралығында біздің компания "ҚазТрансОйл" АҚ Атырау және Құлсары мұнай құбыры басқармаларының 41 объектілеріндегі аралық кран тораптарында (АКТ) байланыс және электрмен қоректендіру жүйелерін кешенді қайта құру бойынша екі жобаны іске асырды.
АКТ "Теңіз" кен орнынан басталыпп, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасына дейінгі 1000 км астам аралықта "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырының бойында орналасқан.
Қайта құру мақсаттары: мониторингті ұйымдастыра отырып, байланыс және апаттық энергиямен жабдықтау жүйесін қайта құруды жүргізу, өндірістік және күзеттік бейнебақылауға арналған байланыс арналарын, сондай-ақ Тапсырыс берушінің түрлі өндірістік автоматтандырылған жүйелерін ұйымдастыру.
Осы жобаларды іске асыруда елеулі сын-қатерлер болды: мұнай құбырының күзет аймағында жұмыстар жүргізу, объектілердің елді мекендерден алыстығы, сапалы (көп жағдайда - кез келген) жолдардың болмауы, жұмыстарды жүргізуге қатынаулар мен рұқсаттар алудың күрделі рәсімдері, өндірушілердің жабдықтарды дайындауды кідіртуі, жүктердің Еуропадан Қазақстанға қозғалысы кезінде логистикалық коллапс - және де жүргізілген қайта құрудың ауқымды болуы.
Айтарлықтай қашықтықтар және соған байланысты монтаждау объектілеріне жабдықтар мен адамдарды жеткізу бойынша логистикалық мәселелер, ықтимал ауа райы жағдайларының барлық спектрі, "барлығын өзіммен бірге алып жүремін" жұмыс режимінде жұмыстарды "толықтай" орындау қажеттілігі қосымша қиындықтар туғызды.
Қайта құру аясында МЭК-Астана командасымен келесі негізгі жабдықтар орнатылды:
-
Enedo (Финляндия) жасаған резервтелген үздіксіз қуат көздері;
-
Exide Technologies (Германия) жасаған Sonnenschein жоғары сыйымдылықты аккумулятор батареялары;
-
Janitza Electronics GmbH (Германия) жасаған электрмен жабдықтау сапасын талдағыштар;
-
Generex Systems GmbH (Германия) жасаған аккумуляторлық батареялардың жағдайын талдау жүйелері;
-
Cisco Systems (АҚШ) жасаған Cisco маршрутизаторлары;
-
OBO Bettermann (Германия) жасаған асқын кернеуден қорғау құрылғылары.
-
"НИИТ" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) жасаған газ анализаторлары.
Электрмен жабдықтау жүйелері, аккумуляторлық батареялар және электр энергиясының сапасын талдағыштар Тапсырыс берушінің мониторинг жүйесіне қосылған.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ТОБЖ желісі бойынша байланыс арналарының өткізу қабілеті өндірістік және күзеттік бейнебақылау және түрлі өндірістік автоматтандырылған жүйелер үшін 2 Мбит/с-тан 100/1000 Мбит/с-қа дейін ұлғайтылды.
АКТ-ны тұрақты электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді, бұл ретте толық жүктеме кезінде телекоммуникациялық жабдықты дербес үздіксіз электрмен жабдықтау кемінде 36 сағат уақытқа қамтамасыз етіледі.
АКТ бөлмелері қосымша жылытумен қамтамасыз етілген.
Жұмыстарды орындау барысында туындайтын болжамды және күтпеген қиындықтарға қарамастан, біздің компания жоғарыда аталған жобаларды шарттық мерзімде және қажетті сапа деңгейімен іске асырды.