Жарияланымдар
Қуат сапасын талдаушылар
зауыттың электр желісінде не болып жатқанын түсінудің бірден-бір жолы
Күн энергиясы
Қазақстанда күн электр станциясын орналастыру үшін ең жақсы орын қайда?
Кабельдің көлденең қимасын таңдау
Рұқсат етілген үздіксіз токқа байланысты
Модульдік Деректерді Өңдеу Орталығының (МДӨО) екінші кезеңін салу жобасы аясынжа біздің компания "Piller Germany GmbH & Co. KG" неміс өндірушісінің әрқайсысының қуаты 300 кВт/333 кВА болатын СРМ300 үздіксіз электрмен жабдықтаудың алты динамикалық жүйесін (ҮЭДЖ) жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптауды жүзеге асырды.
Біз жеткізген ҮЭЖД 2021 жылы МДӨО құрылысының бірінші кезеңінде біз орнатқан жабдықтарға ұқсас. Пайдаланылған бір жыл ішінде алғашқы алты үздіксіз электрмен жабдықтаудың динамикалық жүйелері өзін жақсы жағынан көрсетті, сыртқы электрмен жабдықтау сапасына қарамастан МДӨО үздіксіз сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті.
ҮЭЖ параллель режимде жұмыс істейді, минутына 4750 айналым жылдамдықпен айналатын кинетикалық жинақтағыш (салмағы 2300 кг-нан асатын модуль) есебінен энергияны сақтайды. Сыртқы электрмен жабдықтау өшірілген жағдайда, дизель-генератор қондырғылары іске қосылғанға дейін, жинақтағыш қосылған жүктемені қоректендіре отырып, жинақталған энергияны жұмсайды.
ҮЭДЖ -50ºС-тан +50°С-қа дейінгі сыртқы температурада пайдалануға есептелген, өзіндік автоматты өрт сөндіру, жарықтандыру жүйелерімен, микроклиматты қолдау жүйелерімен және найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған, біз жобалап, әзірлеп және орнатқан жылытылған тұтас металл блок-контейнерлерде орналастырылған.




https://www.piller.com/ru-RU/documents/6608/piller-cpm-300-brochure.pdf
Басқа жазбалар
Мектептерге Күн Энергиясы
Түркістан қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебіне" арналған 100 кВт фотоэлектрлік станция.
Толығырақ