Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Орал қаласында "Атамекен" мәдениет сарайының ашылуы өтті".
2021 жылғы 08 қазанда 900-ден астам орындығы бар залы, 360 градусқа айналатын үлкен сахнасы, 400 ш.м. оркестр шұңқыры, үлкен залы, конференц-залдары, жиналыс залдары, көрме орталығы, шығармашылықпен, спортпен және т. б. шұғылдануға арналған бөлмелері бар ауданы 20 000 ш.м. мәртебелі залдың есіктері ашылды.
МЭК-Астана командасы осы заманауи мәдениет сарайын құруға өз үлесін қосты - біз N+1 режимінде жұмыс істейтін, жалпы қуаты 900 кВА AEG Solutions әйгілі неміс өндірушінің AEG protect 4.33 300 кВА үлгілі үш өнеркәсіптік үздіксіз қоректендіру көздерін жеткізуді, орнатуды және іске қосуды орындадық.
Өнеркәсіптік серияларды таңдау қоректенетін жүктеме түріне байланысты болды: ҮЭЖ-ден берілетін үздіксіз қоректендіру түтін шығару, дабылдау жүйелеріне, лифт қондырғыларының бір бөлігіне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштерге, апаттық жарықтандыру жүйелеріне, дизель-генератор қондырғысын және желдету жүйелерінің басқару шкафтарына, серверлік бөлмелерге, сорғы жабдықтарының шкафтарына, қақпа жетектеріне және т. б. үлестіріледі.
ҮЭЖ-тен басқа, МЭК-Астана инженерлері AEG Solutions батареялық шкафтарын, Exide (Германия) аккумуляторларын және Janitza (Германия) электр энергиясы сапасын талдағыштарын орнатты.
Біз орнатқан жабдық уақытылы кәсіби күтім және техникалық қызмет көрсету болған жағдайда, ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтініне сенімдіміз.
