ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен "SHELL Kazakhstan BV" компаниясының бастамасымен "Мектептерге Күн Энергиясы" жобасының төртінші кезеңінің аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Біздің компания осы бағдарламаға 2018 жылдан бері қатысып келеді және осыған дейін біз Нұр-Сұлтан, Ақтау және Орал қалаларында осындай жобаларды іске асырдық.
Өңірдегі, елдегі және әлемдегі қиын эпидемиологиялық жағдайға, шикізатқа (болат, мыс және т. б.) әлемдік бағаның көтерілуіне байланысты жабдықтар мен материалдардың айтарлықтай қымбаттауына, сондай-ақ құрылыс алаңының габариттері бойынша шектеулерге қарамастан, біздің команда техникалық шешімнің оңтайлы нұсқасын әзірлей алды және шарттық мерзімдерде, бөлінген бюджеттен асырмай, біріктірілген екі жақты күн панельдері бар стадион трибуналарының үстіне көлеңкелі шатыр негізінде фотоэлектрлік станция орнатты.
Жалпы номиналды қуаты 100 кВт станция 192 фотоэлектрлік панельден, әрқайсысы 50 кВт екі инвертордан тұрады, жеке метеостанциясы және қашықтан бақылау жүйесі бар және мектептің жылдық энергия тұтынуының 25%-на дейін жабуға және СО2 шығарындыларын жылына 100 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алдыңғыдай, жоба EPC-келісімшарт (Engineering, Procurement, Construction) моделі бойынша іске асырылды және іске асыру кезінде біз күн энергетикасы саласындағы жетекші әлемдік өндірушілердің жабдықтарын қолдандық.
2021 жылғы 01 қазанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шамшидинованың, "SHELL Kazakhstan BV" концернінің аға вице-президенті және төрағасы Герман Бурмейстердің қатысуымен станцияның салтанатты ашылуы өтті.
![]()