SHELL Kazakhstan BV-мен "Solar for Schools" жобасы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру аясында біздің компания Нұр-Сұлтан қаласындағы станциядан кейін қуаты 100 кВт болатын тағы екі фотоэлектрлік күн станциясын жобалады және орнатты. "Solar for Schools" жобасының екінші станциясы Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында, үшіншісі - Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында орнатылды. Ақтаудағы күн станциясы стандартты жер үсті тіреулерге орнатылған, ал Оралдағы станция мектеп автотұрағы үстінде шатыр түрінде жасалған.
Бір қызығы, біз осындай жобалардағы өз жұмысымыздың нәтижелерін аэрофототүсірілім (Яндекс карталар немесе GoogleMap) арқылы көре аламыз. Уақыт режимінде GoogleEarth көмегімен прогресті бақылау өте қызықты.

