Модульдік деректерді өңдеу орталығының (МДӨО) құрылысы жобасы аясында біздің компания үздіксіз және кепілдендірілген электрмен жабдықтау және кондиционерлеу жүйелерін жобалауды, жеткізуді, монтаждауды және іске қосуды жүзеге асырды.
Бұл жобаның бірегей ерекшелігі деп МДӨО үздіксіз электрмен жабдықтау жүйесін есептеуге болады. "Модульдік Деректерді Өңдеу Орталығының (МДӨО) екінші кезеңін салу жобасы аясынжа біздің компания "Piller Germany GmbH & Co. KG" неміс өндірушісінің әрқайсысының қуаты 300 кВт/333 кВА болатын СРМ300 үздіксіз электрмен жабдықтаудың алты динамикалық жүйесін (ҮЭДЖ) жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптауды жүзеге асырды. ҮЭЖ параллель режимде жұмыс істейді, минутына 4750 айналым жылдамдықпен айналатын кинетикалық жинақтағыш (салмағы 2300 кг-нан асатын модуль) есебінен энергияны сақтайды. Сыртқы электрмен жабдықтау өшірілген жағдайда, дизель-генератор қондырғылары іске қосылғанға дейін, жинақтағыш қосылған жүктемені қоректендіре отырып, жинақталған энергияны жұмсайды.
Дәсүрлі статикалық ҮЭЖ қарағанда, ҮЭДЖ энергияны жинақтау және сақтау үшін аккумулятолық батареялар пайдаланбайды, нәтижесінде оларды орналастыру, мерзімді ауыстыру және кейін кәдеге жарату үшін тиісті инфрақұрылым қажет емес.
ҮЭДЖ -50ºС-тан +50°С-қа дейінгі сыртқы температурада пайдалануға есептелген, өзіндік автоматты өрт сөндіру, жарықтандыру жүйелерімен, микроклиматты қолдау жүйелерімен және найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған, біз жобалап, әзірлеп және орнатқан жылытылған тұтас металл блок-контейнерлерде орналастырылған.
Pillar СРМ300 үлгілі динамикалық үздіксіз қоректенуінің көздері Қазақстанға алғаш рет жеткізілген және орнатылған.
Кепілдендірілген (резервтік) электрмен жабдықтаумен МДӨО-н қамтамасыз ету үшін біздің компания әрқайсысының қуаты 1364 кВт/1705 кВА (PRP) контейнерлік орындаудағы ДГҚ (дизель-генераторлық қондырғылардың) 2 жиынтығын орнатты, баптады және пайдалануға енгізді. 1+1 резервтеу жүйесі енгізілді, яғни әрбір ДГҚ сыйымдылығы 1000 литр, жедел отын түсіру жүйесімен жабдықталған өзінің отын багынан 4 сағат бойы 100% жүктеме түсірілген кезде МДӨО электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алады. ДГҚ өз бактарынан басқа, МДӨО аумағында көлемі 10 текше метр отын резервуары орнатылған, ал әрбір ДГҚ-да отынды автоматты айдау жүйесі көзделген, бұл осы жабдықты сыртқы электрмен жабдықтау болмаған кезде ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.
Штаттан тыс жағдай туындаған кезде (сыртқы электрмен жабдықтауды ажырағанда немесе объектінің трансформаторлық қосалқы станциясы істен шыққанда/апат болғанда) ДГҚ бір мезгілде іске қосылады және қажет болған жағдайда МДӨО жүктемесін 20 секунд бойы қабылдай отырып, бір-бірін резервтейді.
ДГҚ автоматты өрт сөндіру, жарықтандыру жүйесімен, сору-шығару желдеткішімен, автоматты жалюзимен, жылытқыштармен және найзағайдан қорғаумен жабдықталған жылытылған тұтас металл блок-контейнерлерге орнатылған.
Тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн режимде сыртқы ауа температурасын -40°С-тан +52°С-қа дейінгі аралықта белгіленген температураны және ылғалдылықтың қажетті деңгейін ұстап тұру үшін МДӨО аппараттық залында VERTIV өндірушінің жиырма төрт сыртқы блоктары бар Liebert PDX-104DA он екі екіконтурлы прецизиондық кондиционерлерін тұратын кондиционерлеу жүйесі орнатылған.
Біздің команда орнатқан барлық жүйелер МДӨО Орталық диспетчерлік пунктінде электрмен жабдықтау және салқындату жабдықтарының негізгі параметрлерін көрсете отырып, қашықтан мониторингтеу және бақылау құралдарымен жабдықталған.
"МЭК-Астана" ЖЩҚ, 2021 ж.