Әрбір компанияның барлық жобаларының ішінде асыл тастары бар, яғни бұл компания ерекше, құрметпен қарайтын жобалар. Біздің компания үшін мұндай асыл тастар Атырау мұнай өңдеу зауытындағы электр қосалқы станцияларының үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелеріне және жылыту, желдету және кондиционерлеу жүйелеріне сервистік қызмет көрсету жөніндегі жобалар болып табылады.
Неліктен осындай жобалар біз үшін соншалықты маңызды?
Біріншіден, бұл Тапсырыс беруші - Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты, Жеңістің құрдасы-1945 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген және бүгінгі күнге дейін біздің елімізде мұнай өңдеу бойынша флагман болып қала береді.
Екіншіден, бұл өндіріс тұрғысынан біз қолдайтын жүйелердің сыни сипаты: біз қызмет көрсететін жабдық қосалқы станциялардың автоматика жүйелерін, электр тарату және реттеу жабдықтарын тікелей қоректендіреді/қыздырады/салқындатады.
Үшіншіден, бұл Тапсырыс берушімен бірге бірқатар тапсырмаларды іске асыру және ұзақ мерзімді перспективада ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігі: жабдықтың жай-күйін онлайн режимде бақылау, жүйелердің үздіксіз жұмысы мен ақауларға төзімділігін қамтамасыз ету, өндірістік процестердің апаттық тоқтау қаупін азайту және жөндеулер аралықтарындағы мерзімді ұлғайту.
Біздің компанияның Батыс филиалының инженерлік персоналы үнемі зауыт аумағында болады және олардың тұрақты жұмысын қолдай отырып, сыни жүйелерге тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Қосалқы бөлшектер мен материалдар қоймасы қалыптастырылған және толықтырылады. Инженерлік топтар жеке қорғаныс құралдарымен, саймандармен, аспаптармен және автокөліктермен жабдықталған. Жаңа қызметкерлерді оқыту және біздің штаттық техникалық мамандардың біліктілігін арттыру үнемі жүргізіледі.
150-ден астам жоғары қуатты өнеркәсіптік ҮЭЖ және тұрақты ток панельдері, 100-ден астам салқындату/желдету/жылыту қондырғылары, мыңдаған қайта зарядталатын батареялар, километрлік электр және сигнал кабелдерге қызмет көрсетіліп жатыр.